22 Қаңтар, 2015

Ұйымның Ыстамбұлдағы сессиясына қатысты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Ыстамбұлда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік одағының «ХХІ ғасырдағы қатерлерге жауап: жаһандық бейбітшілікті, сот төрелігін, тұрақтылықты және қауіпсіздікті орнықтыру» тақырыбына арналған 10-шы сессиясына қатысты. ИЫҰ парламенттік форумы аясында қазақстандық делегация Түркияның Ұлы Ұлттық Жина­лысының Төрағасы Ж.Чичекпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Түркиямен стратегиялық әріп­тестіктің маңызы туралы айта ке­ліп, А.Бейсенбаев Қазақстан-Түр­кия ынтымақтастығының түрлі салалардағы қарқынды да­муына тоқталды және екі елдің парламенттерінде жұмыс істей­тін «Қазақстан-Түркия» парла­мен­т­аралық достық тобының әлеуе­тін жан-жақты өрістету қажет­тігін атап өтті. Кездесуге сенатор Л.Тұрлашов, сондай-ақ, Мәжі­ліс депутаты Т.Ибраев пен М.Ахма­диев қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.