АТЫРАУ. 26 сәуір. Атырау жұртшылығы дауыс беруде ерекше белсенділік танытуда. Әсіресе, жастардың өз таңдауын жасауға асқан жауапкершілікпен қарағаны көңіл қуантады. Сондай жастардың бірі, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Гүлдана Елемесова сайлау болатын күнді ерекше тебіреніспен күткенін айтты Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Бұл күнді мен ерекше бір толқыныспен күттім. Өйткені, биыл 26 сәуірдің мен үшін екі ерекшелігі бар. Біріншіден, мен де замандастарым секілді сайлауда алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасайтын мүмкіндікке ие болдым. Сөйтіп, өркениетті елдер қатарынан орын алып, қуатты мемлекет ретінде қалыптаса бастаған сүйікті Отаным – Қазақстанның жарқын келешегі үшін дауыс бердім», – дейді Гүлдана.
Еліміздегі саяси тұрақтылыққа, татулық пен достыққа тоқталған жас сайлаушы отандық өндірістің кең қанат жайғанын және жаңа технологиялар мен осы заманғы құрал-жабдықтарды өзіміз шығаруға қол жеткізгенімізді тілге тиек етті
«Президент сайлауы 26 сәуірге тағайындалғанын естігенімде қатты толқыдым, әрі қуандым. Өйткені, бұл күн – менің туған күнім. Жыл сайын жарық дүниеге қадам басқан атаулы күнімді тағатсыздана тосушы едім. Ал биыл Президент сайлауымен тұспа-тұс келгендіктен бұл күнді ерекше бір тебіреніспен күттім. Сол себепті де, биылғы туған күнім өмірімде ерекше есте сақталатын болды», – дейді ел болашағына бей-жай қарамаған қарындасымыз.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 20:59
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36