Фото:365info.kz
Дәрігерлер сегіз науқастың алтауының жағдайын өте ауыр деп бағалаған.
«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен қызметкерлерінің бірін құтқару мүмкін болмады. 1993 жылы туған азаматтың денесінің 85 пайызын күйік шалған. Осы уақыт ішінде науқас өте ауыр жағдайда болды. Марқұмның жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», делінген облыстың денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, жергілікті дәрігерлерге кеңес беру және көмек көрсету үшін Қарағандыға жетекші шетелдік мамандар келген. Атап айтқанда, компания Ресейден комбустолог мамандардың келуін және Израиль мен Түркия мамандарының онлайн-консультацияларын ұйымдастырған.
Еске салайық, 20 шілдеде № 1 зауыт пешінде кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері зардап шеккен болатын. Олар әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған.
Ферроқорытпа зауытында болған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.