Әлем • 23 Шілде, 2024

Түркияда тағы да жер сілкінді

1 мин
оқу үшін

Түркияның Чанаккале провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.

Түркияда тағы да жер сілкінді

Фото: pixabay.com

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы (AFAD) жер сілкінісінің 10 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

«Зілзала ошағы Түркияның солтүстік-батысында, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан Чанаккале қаласына жақын жерде болды. Бұл сейсмикалық оқиға жақын маңдағы бірқатар елді мекенде және қаланың кейбір аудандарында сезілді», делінген AFAD хабарламасында.

Әзірге зардап шеккендер мен айтарлықтай шығын туралы ақпарат жоқ. 

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05