22 Қаңтар, 2015

Қостанайда скрининг бағдарламасы өз жемісін беріп отыр

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_0301ҚОСТАНАЙ. 22 қаңтар. Қостанайда скрининг бағдаламасы арқасында қан айналу жүйесі ауруларының анықталуы 7,6 пайызға артқан. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанайда ашылған баспасөз клубының қонағы бұл жолы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағанбетов болды. Ол өзімен бірге орынбасарларын және облыс орталығындағы емдеу орындарының бас дәрігерлерін ерте келіпті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр аурудан болатын өлім-жітімдер азайған. Онкологиялық патологиядан болатын өлім-жітім 6, құрт аурудан болатын өлім 26, қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітім 24 пайызға төмендеген. Облыста бір ана өлімі тіркелді. Облыста скрининг 11 бағдарлама бойынша жүргізілді. Онда 12 387 науқас анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынын басшысы Орал Бекмағанбетовтың айтуынша, скрининг шарасының адам өміріне қатері аса көп онкологиялық және қан айналым жүйесі ауруларының алғашқы сатысында анықтауға маңызы зор. Қан айналым жүйесі ауруынан зардап шегетіндер саны 2013 жылы 14-15 пайызға өссе, 2014 жылы скринингтің арқасында оларды уақыты анықтап, нақты ем қабылдағандар 4,5 пайыз болды. Брифингте облыс бойынша дәрігерлердің әлде де жетімсіздігі әңгіме болды. Облыста бүгінде 1 880 дәрігер қызмет етеді. 280 дәрігер жетіспейді. Әсіресе, Жангелдин, Амангелді секілді алыс аудандарға жас мамандар бармайды. Осы орайда, Орал Айтбайұлы биыл түлектермен әңгімелесу үшін медициналық жоғары оқу орындарына бас дәрігерлердің баратындығын еске салды. Облыстан медицина академияларында 160 студент оқиды. Бұл өте аз. Сонымен қатар, облысқа білікті дәрігерлерді Ресейден және Украинадан шақыруды да ойластырып отырғанын айтты. Орал Бекмағанбетов: «Біздің дәрігерлердің орташа жалақысы 160 мың теңгені құрайды. Бұл аз емес. Несі бар, Ресейден, Украинадан білікті дәрігерлер келсін, біздегі әлеуметтік жағдай да, жалақы да оларға ұнамайды деп ойламаймын. Ал бізге дәрігер керек», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_0302 IMG_0304 IMG_0305