26 Сәуір, 2015

Кличконың кезекті жеңісі тілеулестерін қуанта қоймады (фото)

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-04-15-klichko-1

АСТАНА. 26 сәуір. Кеше, сенбі күні Нью-Йорктегі атақты «Мэдисон-Сквер-гарден» аренасында белгілі украин боксшысы Владимир Кличко америкалық Барайант Дженнингспен шайқаста ұпай санымен жеңіске жетіп, өзінің WBA (super), IBF және WBO версиялары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы беген атағын қорғап қалды. Бұл туралы «Советский спорт» хабарлады. Бүкіл ұрыс бойына Кличконың қатты соққылары Дженнингске тиіп жатты. Тіпті айқастың аяғына қарай оған қарсыласын нокаутқа жіберудің де мүмкіндігі болды. Бірақ америкалық одан аман кетті. Украин боксшысы негізінен өзінің бұрынғы мәнерімен шайқасты. Ал қаша жүріп ұрыс салатын бұл тәсілдің жанкүйерлерге ұнай қоймасы да белгілі. Бұған Барайант өзінің клинчын көбірек қолдануға тырысты. Соныңда төрешілер шешім шығаруды біраз созып жіберді. Ақырында олардың екеуі 116-111, ал біреуі 118-109 есептерімен ұтысты Кличкоға берді. Алайда, көптеген жанкүйерлер аренадан сенімдері алданып қалғандай сезімде қайтты. Дамир Қожамқұл. Дерек, сурет: Советский спорт.

26-04-15-klichko-2 26-04-15-klichko-3 26-04-15-klichko-4 26-04-15-klichko-5 26-04-15-klichko-6 26-04-15-klichko-7

Соңғы жаңалықтар