Қоғам • 25 Шілде, 2024

СІМ-де «Ассамблея жастары» өкілдерімен кездесу өтті

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың төрағалығымен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

СІМ-де «Ассамблея жастары» өкілдерімен кездесу өтті

Бұл кездесу Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген жастардың жобалары мен бастамаларына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.

з

Отырыс барысында халықаралық ұйымдар деңгейінде қоғамдық келісім мен бірліктің отандық моделін ілгерілетуге бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ жастар жобаларының тізбесін анықтау, сондай-ақ жастар үшін халықаралық ұйымдардың білім беру, гуманитарлық және қоғамдық жұмыстарына қатысу жаңа мүмкіндіктер жасау мәселелері талқыланды.

Бұл ретте «Ассамблея жастары» РҚБ-ның бірқатар бастамалары қаралды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы жылында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде ЮНЕСКО басшылығының қатысуымен жеке көрме,  конференция немесе дөңгелек үстел аясында ҚХА мен «Ассамблея жастары» жастар ұйымы қызметінің тұсаукесерін ұйымдастыру жоспарланды.

Сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ ұйымын ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар қоғамдастығының мүшелігіне енгізуге және ұйымның 2025 жылы ЮНЕСКО Жастар форумының жұмысына қатысуына көмек көрсету; ҚХА жастар өкілдерінің қатысуымен және Нью-Йоркте БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің Жастар форумы аясындағы «Ассамблея жастары» қызметінің тұсаукесері; халықаралық ұйымдардың жастар кеңестеріне қосу туралы ұсыныстар айтылды.