Аймақтар • 26 Шілде, 2024

Ұлытау облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 81 объект бейімделді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етіп, оларға қолжетімді орта қалыптастыру үшін Ұлытау облысында әлеуметтік инфрақұрылымның 81 объектісі толық бейімделді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 81 объект бейімделді

Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылып жатыр.

Жыл соңына дейін Ұлытау облысы бойынша 148 объектіні бейімдеу жоспарланған, оның ішінде қазіргі уақытта 81 объект бейімделген.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше 81 объекті мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

- мемлекеттік ұйымдар – 27;

- білім беру объектілері – 23;

- мәдениет нысандары – 16;

- сауда және қызмет көрсету объектілері – 7;

- денсаулық сақтау объектілері – 5;

- спорт нысандары – 2;

- көлік инфрақұрылымының объектілері – 1.