ПЕТРОПАВЛ. 22 қаңтар. «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы белшеден қарызға батқан диқандардан берешегін енді сот арқылы өндіріп алуды көздеп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінгі күні берген серт, айтқан уәдеден айнып отырған борышкерлердің қарызы 264 миллион теңгеден асып жығылады. Диқандар жылқы жылының өте ауыр соққанын айтқанымен, мүдделі ведомоствоның бұл уәждермен еш келіскісі жоқ. Ауа райының күрделілігі ескеріліп, бидайды сатып алу бағасы көтерілгенін, мәселен, 3- сұрыпты бидайдың бір тоннасы 42 мың теңгені құрағанын алға тартады.
«Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 9,5 миллиард теңгеге 265 мың тонна астық сатып алдық. Бұлар – үшінші, төртінші, бесінші сұрыпты бидай және арпа дақылдары. Қабылдау жұмыстары жалғасқанымен, өз міндеттерінен жалтарып жүргендер жоқ емес. Соған қарамастан өңірдегі шаруа қожалықтарын қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Атап айтқанда, несиеге 37 мың тонна тұқым беруді жоспарлап отырмыз», дейді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің директоры Рустам Жанатаев.
Оның айтуынша, өткен жылы 1,5 миллиард теңгеге 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылыпты. Жағдайларына қарап, несие мерзімі ұзартылыпты. Енді оның уақыты созылып кетсе, сотқа жүгінуден басқа амал қалмағанға ұқсайды.
Наурыздан бастап «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы көктемгі, күзгі дала жұмыстарын атқаруға жеңілдетілген несие бере бастайды. Ал қыркүйек айына дейін ұн үгу комбинаттарына арзан бағамен бидай жеткізіп тұру белгіленген.
Алайда, Үкімет тарапынан жасалып жатқан осындай қамқорлықтарды пайдаланып алып, ат-тондарын ала қашып жүрген борышкерлердің бұл әрекеті еш ақтауға жатпайды.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «ҚазАқпарат».
• 22 Қаңтар, 2015
Солтүстік Қазақстанда қарыз диқандар жауапқа тартылады

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24