Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024

Бұрын-соңды болмаған

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы Сауд Арабиясында киберспорттан алғаш рет олимпиада өтеді. Ол қандай спорт дейсіз ғой? Бұл – компьютер арқылы жекелей немесе командамен ойналатын жарыс. Яғни қатысушылар бір-бірімен шынайы емес, виртуалды өмірде бақ сынасады.

Бұрын-соңды болмаған

Мұндай шешім Парижде өткен Халық­аралық олимпиада комитетінің 142-сессия­сында қабылданды. Комитет мүшелері жарысты екі жылда бір рет өткізуді ұсынды. «Олимпиадалық киберспорт ойындарының құрылғанын растай отырып, біз цифрлық революция қарқынына ілесеміз. Киберспорт қауым­дастығы бұл бастамаға құлшыныспен қарайды. Халықаралық комитет пен Сауд Арабиясы осы виртуалды бәсеке аясында 12 жыл серіктес болады», деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20