АТЫРАУ. 22 қаңтар. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімдерімен үш басқарманың жаңа басшылары тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Ғибрат Сүлейменов тағайындалды. Ұзақ жылдар прокуратура және қалалық, облыстық әкімдікте түрлі лауазымды қызметтер атқарған Ғ.Сүлейменов екі жоғары оқу орнын бітірген. Бұған дейін Жер ресурстарын басқару агентігінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына басшылық жасаған. Ал мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымы Қуаныш Мұхаметқалиұлына жүктеліп отыр. Ол Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академиясы мен Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің түлегі. 1999 жылдан бері құрылыс саласындағы кәспіорындарда жұмыс істеп, Орал қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары, Батыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бері Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының міндетін атқарушы лауазымында болған.
Атырауда да бұған дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылған болатын. Жаңа құрылым басшысының міндетін атқаруға Жұмабай Қарағаев тағайындалды. Ол М.Губкин атындағы мұнай және газ мемлекеттік академиясын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары түрлі кәсіпорындарда, Атырау қалалық және облыстық әкімдіктерде жұмыс жасады. Осы кезге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: «Атырау» газеті.
Сурет: ria.ru.

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24