ПЕТРОПАВЛ. 26 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысында сайлауда жастар да белсенділік танытты. Солардың қатарында жас маман Досжан Нұрпейісов те биылғы сайлауға қатысып, азаматтық парызын орындады. Сайлау кезінде бізбен әңгімесінде ол сайлаудың мәні мен маңызы туралы егжей-тегжей айтып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Бүгінде адамзатты толғандыратын әлемдік мәселелер жетіп артылады. Қаржылық дағдарысқа ұрынған біраз елдер оның құрсауынан қалай шығарын білмей дал. Айналаны қорқыныш тұмшалап, адам жанын үрей билеген мезетте шарасыздыққа түсіп, тура жолдан адасатын сәттер жиі кезігеді. Қазақта «апат айтып келмейді» деген сөз бар. Оның қауіпті ошақтары рухани өмірімізге дендеп еніп, жегі құрттай жайлап барады. Әсіресе, діни экстремистік, террористік бағыттардағы неше алуан ұйымдар қатарына көбіне жастарды тартып, ой-санасын улап жататындығы сескендіреді. Оған қарсы күрестің бірден-бір жолы–жастарымыздың сауатты, көзі ашық болуы. Бірден-бір тосқауылы – отаншылдық қасиетті бойға қондыру. Мәңгілік Ел идеясының түп-төркініне үңіліп, тереңіне бойлаған жан қарақан бастың «бақытынан» гөрі елдік мәселелерді бірінші орынға қояды. Ешқандай жаңсақтыққа, алдау-арбауға ұрынбайды», - дейді Досжан Нұрпейісов.
Сонымен бірге ол мәселенің екінші жағы табиғи апаттарға келіп тірелетінін айтты. «Алдыңғысы сұрап алған «бас ауруымыз» болса, соңғысы ғайыптан төнген нәубет. Екеуінің де емі–біреу-ақ . Ол қандай қауіп-қатерлерге болсын жұрттшылық болып күресу «Жұт–жеті ағайынды» деп тегін айтылмаған. Қай қайсысы болсын әкелетіні –қайғы-қасырет, экономикалық залал. Соның бірі–топан су. Оның зардаптарын Қазақстанның бірқатар аймақтары биыл қатты тартты. Қардың мол түсуі және жылдам еруі салдарынан Имантау ауылын да қарғын су шайып, әбігерге түсіргенімен, жергілікті биліктің дер кезінде көмекке келуінің арқасында «тілсіз жау» тез-ақ тойтарылды. Шығындар қалпына келтірілді. Бүлінген нысандар мен жолдар жөнделді. Қалыпты тіршілік өз арнасына түсті. Топан судың ауыр зардаптарын шеккен өзге аймақтарға да Үкімет, жұртшылық көмек қолын созуда. Табиғаттың тосын мінезі күнделікті тыныс-тіршілігімізге нұқсан келтіріп, бірлігімізге ешқандай сызат түсіре алмасы анық. Орнында бар оңалар. Қисайған түзелер. Ырыс толығар. Ең бастысы, еліміздің амандығы. Елде болса, ешкім жұтамайды, тарыншылық көрмейді. Ауылдықтардың қиындыққа қайыспайтын, барға-қанағат, жоққа салауат дейтін мәрттігін үлкен саяси белсенділікпен атап өтілген президенттік сайлау анық байқатты. Елді мекен тұрғындары бұл жолы да топтасқандықтың берік үлгісін танытып, өз таңдауларын жасады. Саяси шара үлкен ұйымшылдықпен атқарылды. Міне, «бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел борлай тозады» деген осы!», - дейді жас маман.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 20:59
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36