Фото: sports.kz
Хасанбой Дусматов кешегі жеңісінен кейін Сәкен Бибосыновқа қарсы өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
«Сәкенмен көптеген турнирде жиі кездескенбіз. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Ринг көрсетеді. Кім жақсы дайындалған, кім ақылдырақ сол жеңеді деп ойлаймын», деді өзбек боксшысы.
Olamsport-қа берген сұхбатында ол жасына қатысты айтылып жатқан сындарға да жауап берді.
«Қазір көрдіңіздер 17-18 жастағы боксышыны жеңдім. Сәкен Бибосыновтың бүгінгі жекпе-жегін де назардан тыс қалдырмадым. Енді жаттықтырушыларымызбен бірге анализ жасаймыз. Басқа тактика ойластырамыз. Басқа жекпе-жектерден айрықша болуы мүмкін. Қазір көріп отырмыз Сәкеннің де физикалық дайындығы жақсы, мен де сол қатардамын. Өзбекстан - Қазақстан жанкүйерлері үшін қызық жекпе-жек болады», деді Хасанбой Дусматов.
Айта кетейік, Хасанбой Дусматов 1993 жылы 24 маусымда Өзбекстанның Андижон облысында дүниеге келген.