Мұнай мен газ өндірісіне қажетті жабдықтар өндіретін зауыттың периметрі бойынша қоршау салу, ауызсу, газ және электр қуаты желілерін тарту секілді негізгі жұмыстар орындалды. Асхана, бақылап өткізу пункті, жатақхана және негізгі цехтың іргетасы қаланып, кірме автожолды тығыздау және тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауызсу құбырына қосылу, құрылыс қалашығына дейін сумен жабдықтау желісін жөндеу, өзге де қажетті біраз жұмыс орындалды.
«Алаңішілік желілер мен сыртқы инфрақұрылым нысандарының жобасын әзірлеуді жақында аяқтаймыз деп отырмыз. Ал шілде айының соңына дейін негізгі цех жобасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу аяқталады. Қазір модульдік блоктарды дайындау, зауыттың қосалқы ғимараттарының іргетасын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді зауыт өкілдері.
Зауыт 16 түрлі тауар өндіреді. Нысанның құрылысы мен қызмет ету кезеңінде жаңаөзендіктер үшін 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Маңғыстау облысы