12 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиядан

553 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлығын алу конкурсына алдын ала талқылаудан өткен жұмыстар тізімін ұсынады: 1. «Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері»; Авторлар ұжымы: Ғабдуллин Маратбек Төлеп­бергенұлы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD; Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы – Экспери­менттік және теориялық физика ҒЗИ-дің бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор; Досболаев Мерлан Қылышұлы – Экспери­менттік және теориялық физика ҒЗИ-дің жетек­ші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты; Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент; Қожамқұлов Төлеген Әбдисағиұлы – Экспери­менттік және теориялық физика ҒЗИ-дің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор; Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы – Экспери­менттік және теориялық физика ғылыми- зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты» ұсынған; 2. «Оңтайлы макроэкономикалық саясатты қалыптастырудың теориясы мен технологиялары»; Авторлар ұжымы: Әшімов Әбдіғаппар – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уни­верситетінің профессоры, техника ғылым­дарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, жұмыс жетекшісі; Әділов Жексенбек Мәкейұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универ­ситетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Айдарханов Дәурен Талғатұлы - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универ­ситетінің ғылыми қызметкері. Алшанов Рахман Алшанұлы – «Тұран» универ­ситетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖОО қауымдастығының президенті; Боровский Николай Юрьевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универси­тетінің аға ғылыми қызметкері, физика-математика ғалым­дарының кандидаты, доцент; Боровский Юрий Вячеславович – Қ.И.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универ­ситетінің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Оңалбеков Мұхит Ақбердіұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универ­ситетінің ғылыми қызметкері. «Қазақстан Республикасы БҒМ Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ШЖҚ РМК» ұсынған; 3. «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыштық ғылымның әдістері мен технологияларын дамыту»; Авторлар ұжымы: Мұсабаев Талғат Аманкел­діұлы – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, жұмыс жетекшісі; Молдабеков Мейірбек – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары; Ахмедов Дәулет Шафрғұлұлы Ғарыштық техника және технологиялар институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор; Дубовиченко Сергей Борисович – В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты ядролық астрофизика секторының меңгерушісі; Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті, Мұха­медғалиев Арыстан Фазулұлы – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технология­лар орталығы» АҚ геоақпараттық модельдеу департаментінің директоры; Чечин Леонид Михаилович – В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты ЕЖШС перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, Закарин Едіге Асқарұлы – «Қазгеокосмос» АҚ президентінің даму жөніндегі кеңесшісі. «ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ» ұсынған; 4. «Әлемдік технология нарығында Қазақ­станның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан, алтын мен қорғасын металлургия саласында жасал­ған әзірлемелерді өндірісте іске асыру»; Авторлар ұжымы: Жәрменов Әбдірәсіл Алдаш­ұлы – «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, жұмыс жетекшісі. Болотова Людмила Сергеевна – «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өнді­рістік бірлестігінің асыл металдар зертхана­сының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты; Исабаев Сағынтай – Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының ілеспелі элемент­тердің физика-химиясы мен технология­лары зерт­ханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор; Күзгібекова Қанат – Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының ілеспелі элементтердің физика-химиясы мен технологиялары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент; Старцев Игорь Владимирович – Шығыс ғылы­ми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар инсти­тутының директоры; Ушаков Николай Николаевич – Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар инсти­тутының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі; Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы – «Казме­ханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі; Шумский Виктор Александрович – Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК ұсынған; 5. (Қызмет бабында пайдалану үшін); 6. «Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау»; Авторлар ұжымы: Серғалиев Нұрлан Ха­биболлаұлы – жобаның жетекшісі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, ассоциацияланған профессор; Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы – «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ ғылыми кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Ыдырысов Дінмұхамед Аппазұлы, «Ordabassy group» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi бақылау кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының академигі; Ким Александр Викторович, «VK group company» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің бас директоры, МВА, менеджмент магистрі; Темірханов Серік Рәкішжанұлы, «Биология моря» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің директоры. «ҚР АШМ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ШЖҚ РМК» ұсынған; 7. «Таңдамалы шығармалар» (10 томдық); Авторы: Қошанов Аманжол Қошанұлы – Экономика институтының Әлеуметтік өңдеу және адам капиталы даму орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Экономика инс­титуты» РМҚК» ұсынған. 7. «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолданып инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу»; Авторлар ұжымы: Батпенов Нұрлан Жұма­ғұл­ұлы – ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор – жұмыс жетекшісі; Әшімов Қайрат Жолдыбайұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №3 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты; Баймағамбетов Шалғынбай Абыжанұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, доцент; Белокобылов Алексей Александрович – Трав­матология және ортопедия ғылыми-зерттеу институ­тының №4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты; Оспанов Қуаныш Төлеуұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дирек­торының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент; Раймағамбетов Ерік Қанатұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты. ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ұсынған. 8. «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу»; Авторлар ұжымы: Ақшолақов Орал – «АкАй Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі; Жолтаев Герой – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мұнай-газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі; Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты; Коврижных Петр Николаевич – «Геокен» «ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты; Қуандықов Балтабек Мұқанұлы – «Меридиан Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Респуб­ликасы өндірісіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі; Огай Евгений Кипониевич – «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының игеру және бұр­ғылау жөніндегі орынбасары, техника ғылым­дарының докторы, аға ғылыми қызметкер, Ресей жаратылыстану академиясының шетелдік мүшесі; «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұсынған. Жұмыстар бойынша ақпараттық материалдар Ғылым комитетінің сайтында орналасқанын хабарлаймыз. Барлық сын-пікірлерді, ұсыныстар және ескертпелерді 2015 жылғы 15 тамызға дейін мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (11-кіреберіс, 1045-бөлме, тел. 74-20-29) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия.