Фото: almaty.tv
Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалға зер салсақ, мойнынан жарақат алған ер адамды байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, қансыраған ер адам жолаушы қыздың үстіне құлай жаздаған.
Анықталғандай, 1983 жылы туған М. есімді азамат қалалық ауруханаға жеткізілген.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәліметінше, шабуыл жасаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қонаев қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы ер адамды пышақтап кеткен 36 жастағы С. есімді облыс орталығының тұрғынын ұстап, полицияға жеткізді. Қоғамдық көлікте адам өлтіруге оқталу фактісі қалалық полицияға тіркелді», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу амалдары жүргізліп жатыр.
Пышақ жарақатын алған жолаушының жағдайы әзірге белгісіз.