Олимпиада • Бүгін, 12:39

Екатерина Шабалина жарысты ерте аяқтады

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасында триатлоннан сынға түскен Қазақстан атлеті Екатерина Шабалина жарысты ерте аяқтады, деп жазады Egemen.kz.

Екатерина Шабалина жарысты ерте аяқтады

Фото: Paris 2024|Kazakstan team

Ұлттық құрама спортшысы Сена өзенін жүзіп өтіп, велосипедпен 3 шақырымдай жүрген соң сайыстан шығып қалды. Ол осы уақытта 32-сатыда келе жатқан.

Бұл сында әйелдер арасында бас-аяғы 55 триатлоншы сынға түсті.

Paris 2024|Kazakstan team телеграм арнасы сайыс кезінде Парижде жаңбыр жауып, веложарыста бірнеше атлет құлап қалғанын мәлімдеді.