Олимпиада • Бүгін, 14:44

Махмұд Сабырхан тартысты жекпе-жекте есе жіберді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

57 келіде Париж Олимпиадасында алғашқы кездесуін өткізген Махмұд Сабырхан испаниялық қарсыласынан жеңіліп қалды, деп жазады Egemen.kz.

Махмұд Сабырхан тартысты жекпе-жекте есе жіберді

Фото: PARIS 2024| Kazakstan Team

Үш раундтан кейін төрешілер Хосе Кильес Бростонстың жеңісін айқындап 1-4 есебін тіркеді.

Айта кетейік, Махмұд әлем чемпионы (54 кг, 2023) және күміс жүлдегері (54 кг, 2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал 26 жастағы Хосе - Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

Осымен Париж Олимпиадасында 3 боксшымыз жарысты аяқтады. Олар: Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев.