Үкімет • 31 Шілде, 2024

Су тасқынынан зардап шеккендерге 4790 баспана берілді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқынынан зардап шеккендерге 4790 баспана берілді

Фото: Үкімет

Бүгінде барлық облыста тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталған.

Тасқыннан зардап шеккендерге 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтер берілді.

Солтүстік Қазақстан облысында − 235, Қостанай облысында – 57, Ақтөбе облысында – 26, Павлодар облысында – 5, барлығы 323 отбасы жаңа үйдің кілтін алды. 

Қостанайда − 315, Ақмолада – 219, Атырауда – 1372, Ақтөбеде – 447, Солтүстік Қазақстанда – 1102, Батыс Қазақстанда – 1004, Қарағандыда – 6, Павлодарда – 2, барлығы 4 467 отбасы үшін қираған баспана орнына жаңа үй мен пәтерлер сатып алынған.

Комиссия шешімдері бойынша жалпы сомасы 48,2 млрд теңгеге 8 717 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алған.

Үкімет