Олимпиада • Бүгін, 09:48

Бүгін бокс бәсекелерін тікелей эфирде қайдан көруге болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Париж рингіне 3 боксшымыз көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін бокс бәсекелерін тікелей эфирде қайдан көруге болады

Фото: olympic.kz

50 келіде Назым Қызайбай Астана уақытымен 18:30-да шаршы алаңға шығады. Ел боксшысы 1/4 финалға өту үшін бразилиялық Каролин Барбосамен жұдырықтасады. Бұл кездесуді «Ел арна» тікелей эфирде ұсынады. 

92 келіде Айбек Оралбай Әзербайжан атынан сынға түсетін Лорен Берто Альфонсо Домингеспен өзара кім мықтыны анықтайды. Отандасымыздың өнерін 20:54-те «Ел арнадан» көруге болады.

63,5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы грузиялық Лаша Гурулиге қарсы жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік сыйлайтын жолдаманы сарапқа салады. Базарбайұлы бақ сынайтын бәсекені 00:20-да «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.