Мәдениет • Бүгін, 12:40

Керекуде Ахмет Байтұрсынұлы қарпінде жарық көрген кітап табылды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың небір мықты, көрнекті қаламгерлерінен мұра болып қалған әрбір зат құнды жәдігер. Сондай бір түпнұсқаның бірі Керекуден табылды, деп жазады Egemen.kz

Керекуде Ахмет Байтұрсынұлы қарпінде жарық көрген кітап табылды

Еліміздің өзге кітапханалары мен музейлерінде сақталмаған Ғали Орманұлының «Өмір дастаны» атты кітабы 1948 жылы А.Байтұрсынұлы қарпінде жарық көрген. Жинақта ақынның өлеңдері топтастырылған. Бұл құнды кітапты музейге ақынның жиен-немересі Айдар Қырықбайұлы тапсырған.

Тілшіміз Мұрат Қапанұлы кітаптың  200 беттен тұрса да, жылдар бойы жақсы сақталғанына назар аударды. Толығырақ автордың Ғали Ормановтың кітабы атты мақаласынан оқи аласыздар.