Олимпиада • Бүгін, 16:25

Өзбекстан ерлер құрамасы сапынан бірінші боксшы жарыс жолынан шығып қалды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасы сапында жұдырықтасқан этникалық қазақ Руслан Абдуллаев канадалық қарсыласынан жеңіліп қалды, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан ерлер құрамасы сапынан бірінші боксшы жарыс жолынан шығып қалды

Фото: sports.kz

Тартысты өткен кездесуде канадалық Уайт Санфорд өзбек боксшысынан басым түсті. Осылайша, 63,5 келіде шаршы алаңға шыққан Руслан Абдуллаев үшін Олимпиада ойындары мәресіне жетті. 

Руслан Абдуллаев - 2021 жылғы Өзбекстан, 2022 жылғы Азия, 2023 жылғы Әлем чемпионы.