Астаналық Аружан Кәуке, Адия Қызылтаева, Малика Закирова есімді оқушылар жобаны аяғына дейін жеткізу үшін жарты жыл еңбектенген. Нәтижесінде, «Аэропоникалық мұнара» 3-4 аптаның ішінде жемісін бере бастады. Шаруалар бір жылыжайдан жылына үш рет өнім алса, ал қыздар бұл жобадан жылына он екі рет өнім алады. Жобаны жетілдіру үшін қыздар мемлекеттен 6 млн теңгелік грант ұтып алған. Қазір олар құрылғыны дамытып, робот құрастырып жатыр. Жасанды интеллекттің агрошаруашылықта мүмкіндіктерін пайдалану үшін жас ғалымдар жақын арада өздерінің жобасын әлем назарына ұсынбақ. Атап айтқанда, «Аэропоникалық мұнара» Грекия мемлекетінде өтетін ауқымды байқауда сынға түседі.
Астаналық оқушылар алғаш рет аэропоникалық әдісті пайдалана отырып, «Мұнара» жобасын жасап шықты. Бұл құрылғының артықшылығы жасанды интеллект арқылы жер мен суды үнемдеуге септігін тигізеді.
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Президент «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:49
Түркістанда құқықтық және қаржылық сауаттылық бойынша форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды
Дін • Бүгін, 16:17
Австралияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 16:10