Дін • 21 Қараша, 2024

Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуа бөлімі энергетикалық сусындарды ішудің шариғаттағы үкімін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

Фото: ашық дереккөз

Діни басқарма құрамында алкоголі бар энергетикалық сусындарды мүлде ішпеу керектігін айтса, алкогольсіз сусындарды лажы болса тұтынбау керектігін жеткізді.

Оны Құранның «Бақара» сүресіндегі «Өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға кетірмеңдер» дейтін 195-аятымен тәпсірлейді.