Бала кезінен ата-әжелерінің ертегілері мен батырлар жырын естіп өскен аға ұрпақтың сөз өнерін кие тұтып, ұлттық қасиеттерімізді көзінің қарашығындай сақтап, халқына, еліне адал қызмет етіп жүргенін жақсы білеміз. Халық ауыз әдебиетінің кәусар бұлағымен сусындап өскен аға ұрпақ қазір өздері немерелеріне ертегі айта ма?
Біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмысы бар, бала-шағасының қамын жасаймын деп «космостық» дәуірде балаларына, немерелеріне көңіл бөлуге уақыт таба алмайтын болуы керек деген де ой жоқ емес. Десек те, уақыт жоқ деп сайрап жүргендер теледидарда беріліп жатқан түрік пен кәріс, үнді сериалдарын үзбей көреді. Немерелерін алдарына алып, бірге тамашалайды. Бұл сериалдарды бала көруге бола ма, жоқ па, оны ойлап жатқан ешқайсысы жоқ.
Бұрын өздері қандай қазақ ақын-жазушылары барын, кімнің қандай кітабы шығып жатқанын біліп отыратын. Ал, қазір өздерінің осы әдеттерін балаларына, немерелеріне үлгі қыла алмауының себебі неде?
Өз ұрпағының компьютер, теледидар, телефон, интернетті жақсы меңгергенін алға тартып мақтанады. Кейінгі ұрпақтың заман талабына сай ғылыми-техникалық прогресс жемістерін білгені дұрыс қой. Әйтсе де, халқымыздың қиялы ұшқыр, тілі бай, тапқырлыққа толы ертегілерін тыңдап өскен ұрпақтың көкірегі мейірімге, адалдыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке бөленіп өсетінін ұға тұра, бала тәрбиесіне көңіл бөлуде олқылық жіберіп отырғанымыз өкінішті.
Шетелденудің бәрі керемет деп, оларға таңданудың қажеті жоқ екендігін ата-әжелеріміз білсе ғой. Рухани құлдырап бара жатқан балаларымыздың ертеңі не болмақ? Олардың болашақ ел тізгінін ұстар азамат болуы үшін ата-әжелері, әке-шешелері бесік жырынан бастап, ертегі, аңыздар, батырлар жырын бала құлағына құйып отырса, бала өзі де бейімделер еді.
Немерелерінің құлақ құрышын қандыратын ертегі, аңыз әңгімелер айтатын ата-әжелеріміз көбейсе екен деп тілейміз.
Гүлмира РАУШАНБЕКҚЫЗЫ,
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №75 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі.
АЛМАТЫ.

Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:39
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Денсаулық • Бүгін, 14:20
АҚШ Сирияда әскери операция бастады
Әлем • Бүгін, 13:52
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жемқорлық • Бүгін, 13:19
Қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге шыққандар айыппұл төлейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Өзбекстанда Disneyland салынуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:43
20 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай
Ауа райы • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
Президент • Бүгін, 11:37
Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді
Президент • Бүгін, 11:20
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Президент • Бүгін, 11:02
Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Президент • Бүгін, 10:43
Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді
Президент • Бүгін, 10:40
Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 10:37
Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды
Президент • Бүгін, 10:30