12 Маусым, 2015

Ресейде 28 панфиловшылар ерлігін бос қиял деп атады

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12-06-15-panfilovcy-1

АСТАНА. 12 маусым. Ресейдің мемлекеттік архив директоры Сергей Мироненко 28 панфиловшылар ерлігін қиял деп атады. Мұны ол Мәскеудегі Ресей баспасөзінің халықаралық конгресінде  айтты. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады. «Қиялға сенуді қою керек. Дубосеков түбінде 50 неміс танкісін тоқтатқан ешқандай 28 панфиловшылар болған жоқ. Сондай-ақ Василий Клочковтың: «Ресей - ұлан-ғайыр, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Мәскеу!» деп айтты дегені де жалған. Оны «Красная звезда» басылымының әдеби хатшысы Александр Кривицкий ойдан қосып жіберген. Ерлік тарихын да ойдан шығарған. Мұны әскери прокуратура 1948 жылдың өзінде анықтаған. Алайда, расымен шегінерге жол болмағасын, материалды құпия етіп басып тастаған. Осылайша аңыз елде өз тіршілігін бастап кетті», - деді Мироненко. Оның мәлімдемесін тыңдармандар әртүрлі қабылдады. Ресей мемархиві директорының көзқарасын ТАСС директорының орынбасары әрі орыс баспасөзі халықаралық конгресінің басшысы Александр Клейн қолдады. Сол арада конгреске келген қазақстандық баяндамашы бұл ерліктің куәгері барын алға тартты. «Мен Қазақстаннан, Астанаданмын. Бізде бұл ерліктің куәгері, Кеңес Одағының батыры бар. «Дубосеков» стелласы бар – ол алынып тастала ма?», - деп сұрады ол. «Шындықты айту – менің адамгершілік жауапкершілігім. Бұл зерттеулерді айтқаным үшін маған патриот емессің дегендер де бар. Не істейін! Шындықты айту қашанда ауыр», - деп жауап қайтарды оған Мироненко. Өз кезегінде Латвиядан келген журналист баяндамашы Мироненкодан адамгершілік жауапкершілігі туралы сұрады. «Сіз Дубосеков туралы шындықты жария етіп, осы ерлікті құрмет тұтатын Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын сұраққа қоюыңызбен өз адамгершілік жауапкершілігіңізді сезіне аласыз ба?! Сіз екі ел қарым-қатынасына қаншалықты қаяу түсіріп тұрғаныңызды түсінесіз бе?!», - деп сұраққа алды журналист. Айта кетерлігі, іс-шараға бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан жайлы арандатушылық ақпар таратқан «Эхо Москвы» радиосының бас директоры Алексей Венедиктов та қатысқан. «Панфиловшылардың жоқ болғанын естігенде, мен де есеңгіреп қалдым. Біз мектепте 28 есімді жаттап жүретінбіз. Бірақ түсіне білу керек. Егер олар болмаса – шынымен болмағаны. Шындық қашанда ашылады. Егер құжат бар болса оны жария ету керек», - деп деді Венедиктов. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Азаттық.