Қоғам • 04 Тамыз, 2024

Қамауда отырған: Екі жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт аман-есен табылды

943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі жыл бұрын жоғалып кеткен Шу қаласының тұрғыны аман-есен табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері инстаграм-парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қамауда отырған: Екі жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт аман-есен табылды

1999 жылы туған Бабакин Николай Алматыға табыс табу үшін кетіп, 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап байланысқа шығуды тоқтатты. Жас жігітті іздеуге салды, бірақ нәтиже болмады. Екі жылдан кейін жоғалған адам табылды.

Еріктілердің айтуынша, ер адам қамауда отырған. Ол туралы басқа мәліметтер әзірге белгісіз.