Оқиға • Кеше

Жамбыл тұрғындары Елдос Сметовті сән-салтанатпен қарсы алды

13 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов бүгін елге оралды. Қазақстанның даңқын әлемге паш еткен спортшыны Тараз қаласының шығыс қақпасынан жүздеген Жамбыл тұрғыны қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл тұрғындары Елдос Сметовті сән-салтанатпен қарсы алды

Фото:Видеодан алынған кадр

Кездесуге келгендердің қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған мекеме басшылары, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар, жастар болды.

Елдостың келуіне орай облыс орталығындағы Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойында салтанатты шеру ұйымдастырылып, кейін мерекелік концертке ұласқан.

Еске сала кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұған дейін, елге оралған Қазақстан Олимпиада құрамасының спортшыларын Алматы әуежайында  жүздеген жанкүйер қарсы алған еді.