АЛМАТЫ. 12 маусым. «Көп тіл – бір әлем – 2015» байқауына қатысқан Олжас Сүлейменов есімді студент БҰҰ сыйлығына ие болды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Олжас – «Болашақ» бағдарламасына сәйкес Шанхай қаласындағы Тонгжи университетінде дәріс алады. БҰҰ байқауына қатысқан ол, шығарманы қытай тілінде жазды. Жеңімпазды анықтау үш сатыдан өтті. Сынақ барысында үміткердің құндылықтар идеясына қатысты көзқарасы, сондай-ақ тіл меңгеру шеберлігі ерекше сараланды. Барлық сыннан сүрінбей, маңдайы жарқырап өткен Олжас Сүлейменов жеңімпаз атанды. Байқаудың алғашқы сатысындағы сынаққа 130 елден 3500 талапкер қатысқан еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері болып саналатын – ағылшын, араб, қытай, испан, орыс және француз тілдерінде жазылған 1250 шығарма арнайы жасақталған комиссияның талқысына түсті. Содан аталған алты тіл бойынша небары 70 шығарма иелері жеңімпаз атанды. Арасында Олжас бар. Жас қазақ студенті Нью-Йоркте өтетін Дүниежүзілік жастар форумына қатысуға жолдама ұтып алды. Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында ең үздік студент туындысының тұсаукесер салтанаты өтеді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz.
Мәдениет • 12 Маусым, 2015
Олжас Сүлейменов есімді студент қытай тілінде шығарма жазды
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30
Өндіріске серпін берген өнертабыстар
Ғылым • Бүгін, 08:25
Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі
Пікір • Бүгін, 08:20
Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Экология заңдарын жетілдіру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:02
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55