Тарихқа көз жүгіртсек, Алматы теміржолының электрлендірілуі 1984 жылы Мойынты – Шу бағытында басталған екен. Шу теміржол бөлімшесінің алғашқы электрлендірілген Мойынты – Сарышаған учаскесі 1985 жылы, Шығанақ учаскесі 1986 жылы пайдалануға беріліпті. 1988 жылдың қарашасында Шу торапты стансасына алғаш рет электровоз келеді.
Ал 1995 жылы 4 қаңтарда ТрансҚазақстан теміржол магистралінің Луговой – Шу телімін электрлендіру жұмысы аяқталып, оның салтанатты іске қосылуына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл желінің елімізге, халқымыздың болашақ өміріне тигізетін пайдасы өте зор екенін айта келіп, «Ұлы Жібек жолы болат магистралі арқылы қайта жаңғырып, осы арқылы Қазақстан Тынық мұхитта Еуропа елдеріне жететін трансконтиненттік теміржол желісіне қосылып отыр», деген болатын. Міне, облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызы зор болған Шу – Луговой теміржол бөлігін электрлендірудің 20 жылдығына арналып мемориалды белгі қойылды.
Шынында, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында бұл теміржол бөлігі өңірдің ғана емес, бүкіл республикамыздың теміржол тасымалын арттыруға үлкен үлес қосты. Электрлендірілген теміржолдар ТМД мен Қазақстанның көлік жүйесінде бүгінде негізгі күш болып, жүк және жолаушы тасымалының денін атқарып келеді. Бүгінде Қазақстан теміржолы ірі тасымалдаушы ғана емес, Жамбыл облысының индустриясын дамытуда көшбастаушы ұлттық компания болып табылады.
– Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстырып отырған жол қатынасының ел экономикасы үшін қашанда маңызы зор. Ал осы қатынастың басым бөлігін қамтып, ауыр жүгін арқалап отырған теміржол саласы екені баршаға белгілі. Сонау 60-шы жылдары паравоздың орнын алмастырған тепловоздарға таң-тамаша қарасақ, бүгіндері жүйіткіген электр пойыздарға қол жеткізіп отырмыз. Шу қаласының әрбір тұрғыны теміржолдың дүрсілін жөргегінде естіп өссе, халықтың 70 пайызының еңбек жолы осы теміржол саласымен байланысты. Әулиеата өңірі тіршілігінің «күре тамыры» болған электрлендірілген болат жолының берекесі кіріп, даңқы арта түсті, – дейді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Жиын соңында бірқатар теміржолшыларға құрмет грамотасы мен алғыс хаттар тапсырылды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы,
Шу ауданы.
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21