Елорда • 06 Тамыз, 2024

Астанада Ташкенттің мәдени күндері өтеді

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 және 8 тамыз күндері Астанада Ташкенттің мәдениет күндері өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Ташкенттің мәдени күндері өтеді

Фото: gov.kz

Іс-шара бас қаладағы орталық саябақта өтеді. 

Мәдени күндер аясында Өзбекстан өнерпаздарының қатысуымен концерт, ұлттық өнер және қолөнер көрмелері, отбасылық спорттық жарыстар мен ойындар, Ташкент пен Өзбекстанның туристік мүмкіндіктерінің тұсаукесері ұйымдастырылады.

Астана қаласы әкімдігі іс-шарада өзбек ұлттық тағамдары да сатылатынын хабарлады. 

Мәдени күндер іс-шарасы 15:00-де басталады, ал 19:00-де өзбек эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.