Білім • 06 Тамыз, 2024

2025 жылы ҰБТ сұрақтары өзгереді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ жүйесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылы ҰБТ сұрақтары өзгереді

«Ұлттық бірыңғай тесттерін құрастыратын 300 сарапшыны даярладық. Мамандар ең мықты тест орталықтарына барып тағылымдамадан өтті. Енді біз ҰБТ сұрақтарын басқаша құрастыратын боламыз, жұмыс басталды. ҰБТ-ға қатысты кез келген өзгеріс енгізілсе, түлектер бірден шулап кетеді. Сондықтан оны бірден ауыстыруға мүмкіндік жоқ. Реформаны ақырындап, 3-4 жылдың ішінде жүзеге асыруымыз керек. Бірінші кезеңде сұрақтардың сапасы өзгереді. Бала қалаған уақытта және қалаған жерде ҰБТ тапсыра алуы тиіс. Жинаған ұпайы қанағаттандырмаса қайта тапсырады. Өзіне керекті балл алғанға дейін тапсыра алады», деді Саясат Нұрбек.

Министрдің мәліметінше, биыл 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырған. Сондай-ақ биыл түлектер 90-нан жоғары балл жинаған, бірақ грантқа түсе алмаған.

Сонымен қатар министр елдегі жоғары оқу  орындары талапкерлер үшін қабылдау емтихандарын өздері ұйымдастырып, өздері қабылдайтын үлгіге көшу керек екенін тілге тиек етті.