ӨСКЕМЕН. 11 маусым. Шығыс өңірінде тілдерді қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Жыл сайын мемлекеттік тілді үйренуге ықылас танытушылар қатары артып келеді. Биыл облыс бойынша жаңадан қазақ тілін меңгергендер 1335 адамды құраса, ағылшын тілін үйренушілер 517 адамға жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймардановтың айтуынша, басқарма алдында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы «2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау міндеті тұр. Бұл бағдарлама толығымен үш кезең бойынша орындалмақ. Оның алғашқы 2011-2013 жылдар аралығындағы кезеңі өтті.
Қазіргі кезде бағдарламаның 2014-2016 жылдарға арналған екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар қолға алынды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығы және мемлекеттік қызмет көрсету қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді білу талаптарының төменгі талаптарын міндеттеуді енгізу қарастырылады. Сонымен бірге аталған кезеңде мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредитациялауды өткізу және олардың рейтингтік бағаларын енгізу жұмыстары басталады.
2017-2020 жылдарға арналған үшінші кезеңде мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін қадағалау механизмдерін енгізу жұмыстарын ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның қатарында қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді талап ету дәрежесіне және басқа тілдерді сақтай отырып мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен қолдану барысындағы сапаға жүйелі мониторинг жасау қарастырылмақ.
Атап өтерлігі, облыс бойынша мектептер, балабақшалар, мекемелер мен кәсіпорындар, құқық қорғау органдары жанындағы лингвистикалық орталықтарда 28 мыңнан аса адамды мемлекеттік тілде оқытуға бағытталған үйірмелер мен курстар құрылды. Ал 864 мыңнан астам адам қазақ тілін KAZCENTER. KZ көмегімен үйренуде.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 12 Маусым, 2015
10 мыңнан астам шығысқазақстандық тіл оқыту курстарынан өтті

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30
Өндіріске серпін берген өнертабыстар
Ғылым • Бүгін, 08:25
Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі
Пікір • Бүгін, 08:20
Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Экология заңдарын жетілдіру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:02
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55