АСТАНА. 27 сәуір. Республика бойынша сайлаушылардың 95,11 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) сілтеме жасап, 24.kz хабарлады.
ОСК баспасөз қызметі хабарлайды: 2015 жылғы 26 сәуірде болған Президент сайлауына дауыс берушілердің келу қорытындылары туралы ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос пен ОСК-ның мүшесі Ләззат Сүлейменнің қатысуымен сағат 22:00-де арнайы брифинг өтті.
«Барлығыңыз азаматтардың теңдессіз белсенділігінің куәсі болдыңыздар. Жалпы, барлық өңірлерде адамдар сайлау учаскелеріне дауыс беру басталмай жатып келіп, жабылғанға дейін келулерін тоқтатқан жоқ. Мұның даусыз факт екеніне сайлау учаскелерінде болған қазақстандық және халықаралық байқаушылардың көзі жетіп, атап өтті», – деді Владимир Фоос «Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жанында құрылған учаскелер бойынша деректерді қоспағанда, сайлаушылардың келуі туралы жедел мәліметтерді ұсынуға дайынбыз. Олардан мәліметтер кешірек келіп түседі», – деді ОСК төрағасының орынбасары.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан жолданған хабарлар негізінде республика бойынша сайлаушылардың келуі 95,11 пайызды құрағаны белгілі болды. Оның ішінде өңірлер бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
Ақмола облысы бойынша 96,91 %;
Ақтөбе облысы бойынша 96,36 %;
Алматы облысы бойынша 98,48 %;
Атырау облысы бойынша 97,75 %;
Батыс Қазақстан облысы бойынша 96,51 %;
Жамбыл облысы бойынша 97,31 %;
Қарағанды облысы бойынша 97,21 %;
Қостанай облысы бойынша 96,80 %;
Қызылорда облысы бойынша 97,52 %;
Маңғыстау облысы бойынша 95,36 %;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 97,78 %;
Павлодар облысы бойынша 96,35 %;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 97,71 %;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 97,47 %;
Астана қаласы бойынша 94,51 %;
Алматы қаласы бойынша 78,28 %.
Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығында дауыстарды санау жүргізіліп жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес, дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауы тиіс.
«Ертең Ортсайлаукомға жедел деректер келіп түскеннен кейін сіздерді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындыларымен таныстырамыз», – деді Владимир Фоос брифинг соңында.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24.kz.

«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37