12 Маусым, 2015

Ақтауда өзін-өзі өлтірмек болған кәсіпкерді облыс әкімі қабылдады (фото)

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-06-2015-aktau 01АҚТАУ. 12 маусым. Ақтауда өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген кәсіпкерді аймақ басшысы Алик Айдарбаев қабылдауда. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгін Маңғыстау облыстық әкімдігінің ғимаратында дүрбелең туды. Кәсіпкер, Ақтауда өткен жылы сүрілген «Равиль» кафесінің иесі, «өз кәсібінің тығырыққа тірелуіне Маңғыстау облысындағы жемқорлардың әсері болды» деп санайтын Бақтияр Масимов Маңғыстау облысының әкімдігінде өзін-өзі өртейтіндігін айтқан болатын. Оның қолдаушылары – ұлы мен адвокаты Масимовтың өлер алдындағы кінәлау хаты жазылған плакатты көтеріп тұрды. Бұдан басқа әкімдік алдына кафеде жұмыс жасаған бірқатар адамдар  келген. Кафе әкімшілігі Майра Тұтқабаева Бақтиярдың еңбегі адал екендігін айтып, кафенің сүрілу салдарынан 17 адамның жұмыссыз қалғандығын айтты. Плакат көтерген екі ер адам мен Майраны полиция қызметкерлері алып кетті. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: lada.kz. 12-06-2015-aktau 02 12-06-2015-aktau 03 12-06-2015-aktau 04 12-06-2015-aktau 05