Оқиға • 07 Тамыз, 2024

Оралда жұмысшы көпірден құлап, көз жұмды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда көпірді қалпына келтіру жұмыстары барысында 47 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда жұмысшы көпірден құлап, көз жұмды

Фото:Ашық дереккөз

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 6 тамыз күні болған. Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді қалпына келтіру кезінде жұмысшы өзенге құлап, қаза таптқан. 

«Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Шаған өзенінен өтетін жаяу көпір су тасқыны салдарынан қираған еді.