Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалған.
Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдікті - «MAN» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастады. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді Ғалым Байжанов.