Шымкент • 08 Тамыз, 2024

Заманауи мәдени орталық

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы сапары барысында «Конгресс-холл» көпфункционалды мәдени орталығының қызметімен танысты.

Заманауи мәдени орталық

Онда халықтың барлық топтарына мәдени шараларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, мәдениет саласын­дағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шығар­машылық жастарға жағдай жасау мәселелерін ұжыммен бірге талқылады. Сенатор түрлі қоғамдық шаралар, кон­ферен­циялар, фестивальдер мен концерттік қойылымдар, сондай-ақ мультимедиялық жабдықтар өткізуге арналған Конгресс-холлдың мүмкіндіктерін саралады.

Кешенде сонымен қатар қолөнершілер орталығы мен шеберхана, сондай-ақ дайын бұйымдарға арналған көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысуға арналған мультимедиялық кабинет және қазақтың ұлттық биі мен музыкалық қойылымдарға арналған үлкен залдар жұмыс істейді.

«Мәдени нысанның құрылысы Президенттің тапсырмасы бойынша республикалық бюджет қаржысы есебінен басталған болатын. Шымкент біртіндеп халықаралық деңгейде танымал қалалардың біріне айналып келеді. Қаланың мәдени өміріне елеулі серпін беретін, оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын, туризмнің дамуына оң әсер ететін және Шымкентте кәсіби әртістердің көбеюіне кең мүмкіндік ашатын осындай заманауи және ауқымды кешен қалаға қажет болып отыр», деді А.Қап­барова.