12 Маусым, 2015

Париж Ақсу-Жабағылы қорығына әлемдік мәртебе алып берді (ФОТО)

1380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.06.2015-aksu-zhabagly1АЛМАТЫ. 12 маусым. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне енді. Маусым айының 8-12 аралығында Парижде өткен ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы осындай шешімге келді. Бұл туралы newtimes.kz хабарлады. Осылайша Дүниежүзілік биосфералық қорықтар тізіміне әлемнің 10 мемлекетінен жаңадан 20 нысан қосылды. Ақсу-Жабағылы қорығы батыс Тянь-Шань тауында, Қаратау қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан, аумағы 357 мың гектардан асады. Қорықта барлық құстардың 48 пайызы мен омыртқалы жануарлардың 72,5 пайызы мекендейді. ЮНЕСКО түсіндірмесінде "Қорық әлемдегі құстарды бақылауға ең қолайлы жерлердің бірі саналады және экотуризмді дамытуға әлеуеті жеткілікті" делінген. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: newtimes.kz. 12.06.2015-aksu-zhabagly4 12.06.2015-aksu-zhabagly3 12.06.2015-aksu-zhabagly2
Соңғы жаңалықтар

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Руханият • Бүгін, 08:45

Қаныштың Қытайға сапары

Тарих • Бүгін, 08:35

Қоғамдық көлік жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Көп жылғы ізденіс нәтижесі

Пікір • Бүгін, 07:55