Атырау облысымен іскерлік байланысты орнатуға құштарлық танытушылар қатарында Ресей құрамындағы Башқұртстан Республикасы да бар. Соңғы кезде атыраулық студенттер осы елдің жоғары оқу орнында мұнайшылық кәсіпті игеруде. Мұнайлы өңір мен Башқұртстан арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылған. Осы меморандум аясындағы іскерлік байланысты бұрынғыдан да кеңейте түсуге тағы бір оң қадам жасалып отыр.
Осы мақсатты көздеген Башқұртстандағы «Импульс» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының ғылыми жетекшісі, химия ғылымдарының докторы Олег Пташко Атырауға еркін келіп, өңір басшылығымен кездесті. Оның айтуынша, Атыраудағы арнайы экономикалық аймақта бірлескен кәсіпорын құрудың мол мүмкіндігі бар. «Біз мұнай-газ саласына қажетті химиялық реагенттер шығаратын өндіріс орнын ашуды, сонымен бірге, бизнесті құрылыс материалдары мен өсімдіктің өсуін реттеуші ретінде әзірлеуге әртараптандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспарымызды барлық талаптар мен экологиялық нормаларды сақтап, екі-үш жылда іске асырғымыз келеді. Біздің кәсіпорнымыздың ғылыми әлеуеті жоғары дей аламыз. Соның мысалы ретінде 1996 жылдан бері химиялық реагенттер шығаратынымызды айтуға болады. Өзіміздің арнайы екі зертханамыз жұмыс істейді. Ресейдегі және Башқұртстандағы ғылым академиялармен тығыз байланыс орнаттық. Енді біз Атырауда да соңғы технологиялар негізінде химиялық реагенттер шығарумен бірге, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында да екі жаққа тиімді жобаларды іске асыруға ниеттіміз», дейді «Импульс» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының ғылыми жетекшісі Олег Пташко.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, Атырауда ресейліктермен бірлескен жобаларды іске асыруға әбден болады. Бұл бір жағынан көршілес елдер арасындағы іскерлік қарым-қатынастың аясын кеңейтетін болса, екіншіден, мұндай жобалар екі елдің экономикасын өркендетуге серпін береді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10