Елорда • 08 Тамыз, 2024

Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 тамыз күні елордада «Жүрегімнің жеңімпазы» қайырымдылық жарыс-фестивалі өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірақатар көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

Фото:total.kz

Іс-шараға байланысты қаланың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі:

  • Түркістан көшесі (бір бағыт, Ақмешіт көшесінен Абу-Даби Плазаға дейін): 07:00-ден 08:05-ке дейін жабық;
  • Ақмешіт көшесі (бір бағыт, мәреге дейін): 07:00-ден 09:15-ке дейін жабық;
  • Ұлы-Дала даңғылы: 07:10-дан 07:40-қа дейін жабық;
  • Ақмешіт көшесі (Нұрлан Балғымбаев көшесіне дейін): 07:15-тен 07:50-ге дейін жабық.

«Іс-шара 2012 жылдың тамызында өткен Қазақстандағы алғашқы жүрек трансплантациясына орайластырылған. Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталықтың деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта жүрек трансплантациясының күту парағында 4 мыңнан астам адам кезекте тұр. «Жүрегімнің жеңімпазы» жарыс фестивалі осы адамдарды қолдауға және еліміздегі трансплантология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуды көздейді», деп хабарлады қайырымдылық жарысының ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, жарысқа белгілі қоғам қайраткерлері, медициналық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50