Айбын • 09 Тамыз, 2024

«Көгілдір береттер» дайындығын шыңдады

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Көгілдір береттер» бөлім­ше құрамында әрекет ету дағ­дыларын шыңдады. Практи­калық сабақтар Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизонындағы барлық оқу полигондарында ұйымдастырылды. Үш күн ішін­де әскери қызметшілер дала жағдайында машықтанып, бөлімшелердің үйлесімділігін жетілдірді. Атыстар күн­дізгі және түнгі уақытта жауын­герлік жағдайда жүргізілді.

«Көгілдір береттер» дайындығын шыңдады

Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері «Іле» оқу орта­лығында жаттығу қимылдарын жүргізу дағдыларын пысықтады. Жауынгерлік атыстардың алдында екі апталық дайындық болып, оның барысында мерзімді қызмет сарбаздары атыстың қарапайымнан күрделі түріне дейін тактикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтерді шыңдады. Одан бөлек, әртүрлі жағдайда жауын­герлік тапсырманы орындау әдістері мен тәсілдерін үйренді.

па

 – Бөлімшелерді дайындау барысында әрбір әскери қызметші бөлімшедегі өз орнын, рөлі мен міндеттерін жете түсінді. Жауынгерлік атыс кезеңінде жеке құрам, біртұтас механизм ретінде әрекет етеді, – дейді 61993 әскери бөлімі де­санттық-шабуылдау ротасының ко­мандирі, аға лейтенант Әлішер Еденов.

Бірақ жауынгерлік дайындық кезінде басты рөл командирлерді оқытуға бағытталған. Олар қажет кезде шешім қабылдап, әр жауынгердің мақсаттары мен міндеттерін анықтай­ды, жеке құрамның әрекеттерін үй­лестіруге жауап береді. Бұған қоса жауынгерлік тапсырманың орында­луын бақылайды.

ап

Бөлімшелерді даярлау бары­­сында командирлер жауын­­гер­лік іс-қимыл­дарды сауатты жос­пар­лауды, жауын­герлік атыс жос­пар­ла­ры­н әзірлеуді, жер бедері, ауа райы жағ­дайлары және жауынгерлік тап­сыр­малар сияқ­ты әртүрлі факторларды ес­ке­руді үйренеді. Олар ұрыс алаңындағы жағ­дайды тез және дәл бағалау, шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдау дағдыларын жетілдіреді.

Жазғы оқу кезеңінде десанттық-шабуылдау әскерлерінде барлығы 500-ден астам бөлімше дайындығы жос­пар­ланған. Бөлімшелердің жауын­герлік атыстары білім мен ұйым­шыл­­дықты жетілдіру мақсатында жүргізіледі.