Бағдарлама су астындағы кесу және дәнекерлеу, су астындағы детонациялық операциялар мен су астындағы нысанды іздеп тауып, минадан тазарту бойынша практикалық әрекеттер мен теориялық сабақтарды қамтиды. Сондай-ақ көтергіш арқылы батып кеткен заттарды көтерді. Практикалық шыңдау жауынгерлердің су астындағы қауіпсіздігін назарға ала отырып өткізілді.
– Ұжым кәсіби тұрғыдан дайын. Құраманың басты артықшылығы – барлық әскери қызметшілер міндеттердің маңызын бір кісідей түсініп, қажетті нәтижеге жету үшін бірлесе әрекет етуі. Суасты минасын тазарту, бағдарлау және іздеу, сүңгуір-техникалық жұмыстары негізі қызықты, сонымен бірге аса қатты жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан барлық жеке құраммен сабақтарда жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптар сұралады. Әр адам өз күші мен іс-әрекетін дәл есептеуді, жоғары физикалық дайындықты, сенімділікті, айналасындағыларға және алға қойған мақсатқа деген адалдықты талап етеді. Әскери бауырластықтың күшейтілген жауынгерлік дайындығы мен сенімділігі бізге өз мүмкіндіктерімізге сенімділік ұялатады. Онсыз ештеңе мүмкін емес, – дейді 29011 әскери бөлімінің рота командирі, капитан-лейтенант Жәнібек Сәлікбаев.
Мұндай іс-шараларды өткізу Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелеріне су астындағы миналарды тазарту, бағдарлау және іздеу, сүңгуір-техникалық жұмыс бойынша жауынгерлік машықтан мол тәжірибе алуға, оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті дағдыларды сіңіруге мүмкіндік береді. Іс-қимыл барысында өз аумақтарын минадан тазартатын басқа елдердің тәжірибесі зерделеніп, күнделікті практикалық жұмыста енгізіліп жатыр.