Саясат • 09 Тамыз, 2024

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірқатар маңызды құжатқа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

Фото: Ақорда

1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі;

2. «Орталық Азия – 2040» аймақтық кооперацияны дамыту тұжырымдамасы;

3. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің «Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёевті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Құрмет белгісімен марапаттау туралы» шешімі.

И
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі арқылы мынадай құжаттар мақұлданды:

1. Аймақтық ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы;

2. Орталық Азия мемлекеттерінің өндірістік кооперациясын дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі аясында ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Орталық Азия мемлекеттерінде көлік-логистикалық орталықтарын дамыту жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Орталық Азия  мемлекеттері энергетика министрлерінің бірінші кездесуінің қорытындысы бойынша коммюнике;

3. Орталық Азия мемлекеттері көлік министрлерінің екінші кездесуінің Астана коммюникесі.

О