Осы жылдың 7-8 тамызында Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Комерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ТалғатЖақиянов және психолог маманыЛола Шакимова семинар оқыды.
Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Қазақстанның дін саласындағы өзекті мәселелері» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Діни ахуал мониторингі: әдістері және жүргізу техникасы» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.
Шакимова Лола Сергеевна «Психология деструктивных личностей, уязвимых к вербовке со стороны лидеров ДРТ» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.