Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысады:
- Талшын Қожахметова – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы, исламтанушы;
- Роза Солтан – Ақмола облысы, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог маманы;
- Асия Абитова – Павлодар облысы, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС бөлім басшысы;
- Светлана Новикова – Абай облысы, «ПСИХЕЯ» психологиялық орталығының директоры, сарапшы.
2024 жылғы 5-9 тамыз аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Аягөз қаласы, Жаңғызтөбе кенті, Қалбатау ауылы, Шар қаласы және Семей қаласы тұрғындарымен, мешіттегі әйел жамағатымен, ұстаздармен, жастармен, емхана және әкімшілік қызметкерлерімен және т.б. «Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру жолдары», «Жас ерекшелік психологиясы», «Жалпы білім беру немесе мемлекеттік мекемелердегі әйелдердің діни ұстанымы», «Қазақстан қоғамындағы әйелдің рөлі», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Діни және құқықтық сауаттылық – адасулықтан сақтайды» және т.б.тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.