23 Қаңтар, 2015

Арнаулы баяндамашымен жүздесті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мен Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев БҰҰ-ның Бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары жөніндегі арнаулы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті. Жүздесу барысында тараптар бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары саласындағы қазақстандық заңнамалық базаның жағдайы және оны жетілдірудің келешегі туралы пікір алмасты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.