Олимпиада • Кеше

Әлішер Ерғалидің Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

12 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен ел намысын қорғайтын Әлішер Ерғалидың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлішер Ерғалидің Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

97 келі салмақта бақ сынайтын Ұлттық құрама балуаны Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Мысыр өкілі Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі.

Бұл жұптың жеңгені әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күш сынасады.