Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы Өңірлік директоры Виней Салдананы қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Мейманмен жүздесуде Қ.Тоқаев В.Салдананың таяуда осы жауапты лауазымға тағайындалуы ЮНЭЙДС-тің аймақтағы жұмысын үдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Сенат Төрағасының пікірінше, БҰҰ-ның 11 ұйымының қызметін үйлестіретін ЮНЭЙДС ЖИТС жұқпалы ауруына диагностика жасау, алдын алу, емдеу және ақырында жоюды бағдар еткен әлемнің түрлі аймақтарындағы қызметінде елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
В.Салдана ЖИТС-пен күрес жөніндегі Қазақстан жүргізіп келе жатқан жұмыстарды жоғары бағалады және осы көкейкесті мәселені шешуде Парламент пен Үкіметтің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. «ЖИТС-пен күресте Қазақстан 2020 жылы Орталық Азия және ТМД-дағы алдыңғы саптағы ел болады деп күтеміз», – деді ЮНЭЙДС-тің Өңірлік директоры. Ұйым елдегі Алматы кеңсесін АИТВ жұқпалы ауруына диагностика жасау, алдын алу, емдеу және мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды үйлестіру мақсатында Орталық Азиядағы ресурстық орталық деңгейіне дейін нығайтуды жоспарлап отыр.
Сенат Төрағасы жүздесушіні елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Орталық Азиядағы жағдаймен және Парламенттің заң шығару қызметімен таныстырды.
В.Салдана Президент Н.Назарбаевтың украин шиеленісін реттеу туралы бастамасы мен оның Астанада «Норманд төрттігінің» кездесуін өткізу туралы ұсынысы әлемдік қоғамдастық тарапынан ризашылықпен қабыл алынғанын және ол БҰҰ тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33