Федерацияның ресми парақшасынан өшірілген жазбада жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұрған еді.
Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус болды.
Федерациядағылар қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын мәлімдеді.
- Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жұмыстан ешкім босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз, - делінген федерация жауабында.
Бұған дейін Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп те реформалар туралы айтқан. Ол Олимпиада ойындары құрамада қателіктер мен кемшіліктер барын көрсетті дегенді алға тартты.
Фото: sport.kz